Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Астанада тағы да төрт бала тірідей жанып кетті

Астанада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды. Тілсіз жау сөндірілді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты», — делінген хабарламада.

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде, — дейді төтенше жағдайлар департаментінен.

Сәйкес жаңалықтар

Қуат Хамитов — Питер Куилли жекпе-жегінің промо-ролигі

Ришат

 «Бағанашыл» балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды

bairakkz

“Өмірім 3 секундта өзгерді“. Ернар Айдар қиын кезеңді еске алды

bairakkz