Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Әзербайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады

Әзербайжанда орыс тілінде оқытатын мектептер жабылады
Фото: Shutterstock/FOTODOM

Әзербайжанда орыс тілді мектептер үш жыл ішінде әзербайжан тіліне көшеді, деп хабарлайды bairak.kz.

Жергілікті Oxu.az порталының мәліметінше, ата-аналарға арналған WhatsApp топтарында тиісті хабарламалар таратыла бастаған. Орыс тілді білім беру жүйесін жабу бірнеше жылға созылады, оқыту толығымен әзірбайжан тіліне көшірілмек.

«Алдағы үш жылда орыс тілінде оқытатын мектептер біртіндеп әзірбайжан тіліне ауысады, мұғалімдер үшін қайта даярлау курстары ұйымдастырылады» деп жазады Oxu.az.

Бұл шешімнің мақсаты — әзербайжан тілінің білім беру саласындағы негізгі тіл ретіндегі орнын нығайту және барлық азаматтарды бірыңғай білім беру кеңістігіне біріктіру екені атап өтілді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЕТЕЛ. ЖЕТІСУЛЫҚ ЖУРНАЛИСТ ТҮРКИЯДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

bairakkz

Көлігін 5 минуттан артық қыздырып айыппұл төлеген жүргізушіге ақшасы қайтарылады

bairakkz

Grand Slam турнирі: қазақстандық дзюдошылардың қарсыластары белгілі болды

bairakkz