Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сарыағаштағы медресенің бас ұстазының аяғын шәкірттері уқалаған видеоға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairak.kz.

Діни басқарма бас ұстазға оқиғадан кейін ескерту жасаған.

Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады, — делінген ақпаратта.

Мүфтият көпшілікті мешіт әдебін сақтауға үндеді. ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімі мешіт әдебін жариялаған болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырады. Жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндейміз, — делінген мәлімдемеде.

Бұл оқиғадан кейін өздерін Әбужаппар Смановтың немересіміз деп таныстырған балалар видео мәлімдеме жасады. «Видеоны салудағы мақсатым — атамның уағыз-насихаты емес, немерелерінің құрметін дүйім жұртқа үлгі ретінде көрсету болатын… Атам еш уақытта колледж студенттеріне аяғын уқалатуға рұқсат берген емес. Бұл жерде ешқандай да дүрліктіретін мәселе жоқ» дейді жасөспірім.

Фото: видеодан кадр

Сәйкес жаңалықтар

Төмпешіктен секіріп, финалдан төбе көрсеттік

bairakkz

Шерзат Болаттың әкесін полиция ұстады

bairakkz

КАМИЛ ГАДЖИЕВ: «РЫСПАЕВТЫ FIGHT NIGHTS ҰЙЫМЫНАН КӨРГІМ КЕЛЕДІ»

Ришат