Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Балиде әйелімен демалып жүрген Бүркіт қазақстандықтарға ренішін айтты

Бали аралдарында саяхаттап жүрген эстрада жұлдызы Бүркіт жерлестеріне шетелдіктерді үлгі етті, деп хабарлайды bairak.kz.

Бали халқының саны шамамен 4 миллион. Мына көшенің қиылысында қаншама көлік, мопед. Бағдаршам жоқ. Қалай өтіп жатыр?! Сабырлықпен, тыныштықпен өтіп жатыр, күліп өтеді. Осындай қиылыстар болса бізде баяғыда қырылысып, кептеліктің көкесі болар еді. Біздің көлік жүргізушілері, үйренейікші, бір-бірімізді сыйлайықшы, — деді Бүркіт.

Ол қазақстандық көлік жүргізушілерін бір-біріне сыйластық танытуға шақырды.

Шындық қой. Бізде бір-бірімізді жеп қоюға дайын тұрамыз ғой. Біреудің алдын қиып кетсең, ерінбей жетіп алып, ұрысып, ол да алдыңды қияды. Сабырлық деген бізде мүлдем жоқ боп бара жатыр. Жол әдебі деген бар еді бұрынғы жылдары, қазір одан мүлдем алыстап кеткен секілдіміз. Төбелеске дейін барады. Ұрып , жығып, өзінің дұрыстығын дәлелдегісі келетіндер қаншама… Күлімдеп қарасаң, сені ақымақ көреді басқалар. Ұятты дүниелер көп енді. Өзімізді өзіміз түземесек, ұят болады-ау! — деп жазды әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от B E R K U T (@berkut_aibekjan)

Сәйкес жаңалықтар

Аида Балаева: Еңбек адамдары – мемлекеттің ең басты құндылығы

bairakkz

Избирательные участки области Жетісу готовы к выборам

bairakkz

Балжан Бидаш оқырмандарын ойландырып қойды

bairakkz