Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Көлігін 5 минуттан артық қыздырып айыппұл төлеген жүргізушіге ақшасы қайтарылады

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы Петропавл қаласының тұрғынына автокөлікті 5 минуттан артық жылытқаны үшін салынған әкімшілік айыппұлды алып тастады, деп хабарлайды bairak.kz.

Тексеру барысында Петропавл қаласы полиция басқармасының қызметкері көлік тұрақ ережесін бұзу фактісі бойынша азаматқа айыппұл салғаны анықталды. Алайда әкімшілік іс жүргізу кезінде процестік қателіктерге жол берілгені және көлік жүргізушісінің кінәсін дәлелдейтін нақты айғақтардың жоқ екені белгілі болды.

Петропавл қаласының прокуратурасы бұл шешімге наразылық білдіріп, полиция қызметкерлерінің әрекетін заңсыз деп таныды. Нәтижесінде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылып, көлік жүргізушісіне салынған айыппұл алынып тасталды.

Бұған дейін экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлігін 5 минуттан артық қыздырғандардың бәріне бас салып айыппұл салынбайтынын, әлдекімнен шағым түсіп, ол дәлелденсе ғана айыппұл қарастырылатынын жеткізген.

Реклама на qaz365.kz

Реклама

Сәйкес жаңалықтар

Наз би театрының қойылымдарына кәсіби талдау

bairakkz

Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

bairakkz

Жетісу облысы қант саласын дамытуға ерекше көңіл бөледі – Бейбіт Исабаев

bairakkz