Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Баянауылда борандағы үсікке шыдамаған қойлар қырылып қалды

Фото: ТЖД баспасөз қызметі

Павлодар облысы Баянауыл ауданына қарасты Торайғыр ауылы маңында қатты боран мен аяз салдарынан далада қалған қойлардың үсіп, қырылғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.

Кадрларда қар астында жатқан малдың көптеп өлгені анық көрінеді. Мәліметтерге қарағанда, ауа райының күрт нашарлап, боранның күшеюі салдарынан мал далада қалып қойған.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдайдың алдын алуға болатын еді. Өйткені ауа райының нашарлайтыны туралы ескертулер алдын ала берілген. Соған қарамастан, малды қауіпсіз жерге көшіру немесе ұйымдастыру жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген деген пікір айтылып жатыр.

Ауыл тұрғындары бұл жағдай ауыл шаруашылығы саласындағы бақылаудың әлсіздігін тағы да көрсеткенін алға тартады. Олардың сөзінше, төтенше жағдай кезінде малды қорғау, шаруаларға алдын ала ескерту жасау және нақты көмек көрсету жергілікті билік пен жауапты мекемелердің міндеті.

Әлеуметтік желі қолданушылары да болған жағдайға қатысты пікір білдіріп, «мал да, еңбек те далада қалды», «алдын ала неге шара қолданылмады?» деген сұрақтар қоюда.

Қазіргі уақытта бұл жағдайға байланысты нақты түсініктеме берілген жоқ. Алайда мұндай шығынның қайталанбауы үшін жауапты органдар тарапынан нақты шаралар қабылдануы керек деген пікірлер көбейіп отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Үржарда зардап шеккен балалардың жағдайы белгілі болды

bairakkz

Оңтүстік Корея президенті халықтан кешірім сұрады

bairakkz

Талдықорғанда ММА спортынан Қазақстан кубогы өтуде

bairakkz