Семейде төменгі сыныпта оқитын баланы ұрып-соғып, қорлық көрсеткен жоғары сынып оқушылары арнайы мектепке жіберілетін болды. Бұл туралы @qogamnews Telegram-арнасы жазды, деп хабарлайды bairak.kz.
Қалада кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Тексеру нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық оқушыны девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданған. Бұл мекемеде олар психологтардың бақылауымен және уақытша оқшаулау жағдайында түзету жұмыстарынан өтеді. Сондай-ақ, үш ата-ананы ата-ана құқығынан айыру туралы шешім шығарылып, екі балаға қатысты қорғаншылық тоқтатылды.
Материалдар сотқа жолданып, әрі қарай қаралатын болады.
Фото: Видеодан скрин