24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың ісінде жәбірленуші тараптың адвокаты болған Жанна Оразбақова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды bairak.kz.
Бәріңізге сәлем! Жақсы жаңалықты бөліскім келіп отыр. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай президенттің 16 қазандағы жарлығы бойынша мені «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медальімен марапаттады. Бірақ мен елде болмауыма байланысты оны тек бүгін алдым, — деді Жанна Оразбақова.
Еске салсақ, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ісін қараған судья Айжан Көлбаева ведомстволық наградамен марапатталған болатын.
Фото: Әлеуметтік желіден алынды