Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Биыл 1-сыныпқа қанша бала барады

Қазақстанда алдағы күзде 370 мыңнан астам бүлдіршін 1-сыныпқа баратыны белгілі болды, деп хабарлайды bairak.kz.

Құжаттарды бірінші сыныпқа қабылдау 2025 жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін жалғасады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің ақпараты бойынша, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес, бірінші сыныпқа 6 жастан бастап ата-аналардың өтініші бойынша қабылданады. Құжаттарды eGov mobile қосымшасы мен электронды үкімет порталы арқылы, сондай-ақ қағаз түрінде тікелей мектептерде тапсыруға болады. Ол үшін барлық мектепте қабылдау комиссиялары жұмыс істейді.

«ҚР ЦДИАӨМ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның мәліметінше, биыл eGov порталында құжат тапсыру рәсімі жеңілдетілген. Енді ата-аналарға медициналық анықтамаларды қолмен жүктеудің қажеті жоқ – «Бала денсаулығы паспорты» мен «Профилактикалық екпе картасындағы» мәліметтер автоматты түрде алынады. Егер медициналық анықтамалар жүйеде болмаса, олардың скан-көшірмелерін жүктеуге болады. Сондай-ақ, өтініштің мәртебесін қарау және оны бір батырмамен кері қайтару мүмкіндігі қарастырылған», — делінген министрлік хабарламасында.

Айта кетейік, өтініштер мереке және демалыс күндерін қоспағанда дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Сұраныс жіберілгеннен кейін өтінішті қарау мерзімі 1 жұмыс күнін құрайды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Сәйкес жаңалықтар

ДЗЮДОДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ӨТЕДІ

bairakkz

135 шақырымдық ASSYL TULPAR бәйгесі өтеді

bairakkz

Астананың бұрынғы мәдениет басшысы Болат Мажағұлов сотталды

bairakkz