Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Бостандыққа шыққан Алмас Кішкенбаев бар шындықты айтты

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 15 тәулікке қамауға алынып, басы дауға қалған әнші Алмас Кішкенбаев желі парақшасында өз ісі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды bairak.kz.

Әнші өзін қолдаған барша жанға алғыс айтып, кейбір адамдардың бұл жағдайды өз пайдасына пайдалануға тырысқанын атап өтті. Сондай-ақ сот шешіміне қарамастан, өзіне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді.

Бәрі аяқталған соң ақпаратты өзім берейін деп ойлаған едім. Барлығы жарыса жазыпты. Жарайды. Біріншіден, осындай қиын жағдайда маған қолдау білдірген жандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Қолдау білдірген жандар қаншалықты болса, рейтинг жинаған, хайп қуған жандар да жеткілікті болды. Барлығы құдайға шүкір аяқталды. Соттың шешімі бар. Мен заңнан биік емеспін. Заңға бағынам. Бірақ маған тағылған айыппен келіскен емеспін. Келіспеймін де. Бәрі құдайға шүкір аяқталды. Маған бұдан былай бұл ақпарат жөнінде сұрақ қоймасаңыздар болады. Осы жерден өзім нүктесін қояйын. Айтарым осы. Аман болыңыздар, – деді Алмас Кішкенбаев желідегі парақшасында.

 

Айта кетейік, Алмас Кішкенбаевқа ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша айып тағылған.

Бұл бап бойынша – «Қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу және айналасындағыларға құрметпен қарамауды бiлдiретiн, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер» үшін жауапкершілік қарастырылған.

Фото: instagram.com/a.kishkenbaev

Сәйкес жаңалықтар

«Жыл сайын өзгеріс енгізіледі»: депутат «Пошта туралы» заңды сынады

bairakkz

Бақтияр Артаев Қызылордадағы лауазымды қызметке ұсынылды

bairakkz

Сахнада жас қыздармен билеген Нұрболат Абдуллинге айыппұл салынды

bairakkz