Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Бүгін — Бибігүл Төлегенованың туған күні

Бүгін қазақтың бұлбұл дауысты әншісі, әлемді өнерімен тәнті еткен Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың туған күні, деп хабарлайды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Бибігүл Төлегенова – қазақ мәдениетінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі. Әрбір әні – ұлттық рухтың, саф өнердің үлгісі.

Ол 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада әртістері байқауының лауреаты атанды. 1967 жылы КСРО халық әртісі атағын, 1970 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығын, 1991 жылы Социалистік Еңбек Ері атағын иеленді.

Бибігүл Төлегенова Үндістан, Мысыр, Франция, Италия секілді елдердің сахналарында өнер көрсетіп, қазақ өнерінің мәртебесін асқақтатты.

Ұлттық өнерді әлемдік деңгейге көтерген аңыз әншінің 95 жылдық мерейтойы құтты болсын! – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда аутизмді ерте анықтау жүйесі күшейтіліп жатыр

bairakkz

Колумбияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

bairakkz

«Маша мен Аюдан» бастап: Ринат Зайыт ойыншықтарда ЛГБТ символикасы барын айтты

bairakkz