Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Бүгін футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриямен кездеседі

Ұлттар лигасының 5-турындағы бұл ойын Алматыда өтеді.

Аустрия ойындағы айқын фаворит саналып отыр. Олар Алматыға бүгін жетті. 7 сағаттық сапардан кейін ұзақ жаттығу жасауды жоспарламаған. Қысқа жаттығу жасап, кешке ойынға бір-ақ шықпақ.

Ұлттар лигасының В дивизионындағы 3-топта Қазақстан 4 ойыннан 1 ұпай жинады. Ал 7 ұпай жинаған Норвегия, Словения мен Аустрия құрамалары бірінші орынға таласып тұр.

Қазақстан құрамасы Аустриямен топтағы екінші ойынын өткізеді. Линцте өткен бірінші матчта қарсыластары 4:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Отандастарымыз Аустрия қақпасына бұған дейін өткізген ойындарында гол соқпаған.

Станислав Черчесов шәкірттері Аустриямен өтетін ойыннан кейін 17 қарашада Норвегиямен ойнайды. Бұл ойын Ослода өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

#САЙЛАУ2023

bairakkz

Мырзағали Айтжанов: Ең мықты спортшы ғана олимп шыңын бағындырады

bairakkz

Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады

bairakkz