Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

«Жүйкем тозды»: Алтынай Жорабаева жақын адамдарына үндеу жасады

Әнші Алтынай Жорабаева жақын адамдарына ренжіп, жазба жариялады. Өнер иесі бетіне күліп, артынан сөз айтатын адамдарды жақтырмайтынын жасырмады.

“Жарты ғасырға жақындағаны бар, жарты ғасырдан асқан адамдар бар. Бір дастарханда отырып, “Сен кереметсің, жаным, күнім” деп алып, артынан неше түрлі әңгіме айтқанын естіп жатырмыз. “Ақша үшін жүр, ақшасы таусылғасын көреміз” деп біреудің жетістігіне қуана алмайтындар бар. Сұмдық енді?! Мына жерге жазуға ұялады екенсің. Өздері “Ғайбат айтпаңыздар” деп сөйлейді. Мен өзіме қатысты әңгіме естісем, сол бойда адамның өзін жеке алып шығып, айтып тастаймын. Бұл жерде бауырымдай болып кеткен жандар туралы болып тұр. Жанымдағы жандар үшін жүйкем тозып, әдейі жазып отырмын. Мен айтылып жатқан әңгімелерден хабардар болып отырмын”, – деп ашуланды әнші.

Сондай-ақ әнші екжүзді адамдардың халық алдында үлгі болып жүргенін де айтты.

“Бұл жағдай бірінші рет емес болған соң жазып отырмын. Өте күлкілі жағдай?! Не деген іштарлық?! Халықтың алдында әдемі сөйлеп, шынайы өмірде айтқандарына мүлдем сәйкес келмейтін адамдар, сабыр сақтаңыздар! Біраз адам үлгі болып жүрген “Халық қалаулылары” осындай болып жүрсе, қалай шок болмайсың. Бүгінгі салған әңгімелерімнің иелері бар. Өздері біліп те отыр”, – деді өнер иесі.

Сәйкес жаңалықтар

МАРАФОНШЫ МЫРЗАХАН

bairakkz

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛ

bairakkz

Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореядағы турнирде алты жүлде жеңіп алды

bairakkz