Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Екі шпагашы Әлем кубогында үздік ондыққа енді

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасының спортшылары Швейцарияның Базель қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды bairak.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Жарыстың ширек финалына дейін Богдан Лукин мен Кирилл Проходов жетті.

Бұл кезеңде Лукин Германиялық Оле Петерсонға есе жіберсе, Проходов ұлыбританиялық Тристан Люминьеден жеңілді.

Нәтижесінде Кирилл Проходов бесінші орынға ие болса, Богдан Лукин жарысты сегізінші орынмен аяқтады. Георгий Тинников 12-орынға тұрақтады, Нұржан Әбжанов — 129-шы, ал Алексей Касаткин — 144-ші орын алды.

Фото: ҰОК

Сәйкес жаңалықтар

Талғат Орынбасар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

bairakkz

Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысын қабылдады

bairakkz

Көпбалалы отбасыларға қандай жәрдемақы қарастырылған

bairakkz