Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ЕЛДІҢ БАТАСЫН АРҚАЛАҒА ЕГІЗ ҚЫЗ ДАУЫС БЕРДІ

Дәрігерлік жолына түсіп, халықтың денсаулығын түзетуге үлес қосуды ойлаған егіз қыздар Анель мен Жанель Баян есімді апаларының айтуымен медицина саласын таңдапты.

Ақсу ауданына қарасты Барлыбек Сырттанов ауылында мектеп бітіріп, Талдықорғандағы медициналық колледжді бірлесе тәмамдаған егіз қыздар қазір жедел жәрдем стансысында қызмет етеді.

Егіз қыздар бүгін №14 мектепте орналасқан №401 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өмірлерінде алғаш рет таңдау жасады.

– Жедел жәрдемге түскен әр шақыртудың өз қиындығы бар. Соған қарамастан күннен күнге жұмысымызға қызығушылық артып келеді. Біздің ең басты мақсатымыз – науқасқа дер кезінде медициналық көмек беру, қатерлі дерттен сақтау және ауруханаға уақытында жеткізу. Осы жолда еңбектеніп келеміз, – деген егіз бойжеткен дауыс берген соң кезекшіліктерін атқаруға аттанды.

                                                                                                                                                                                                                  Мәди Алжанбай

Сәйкес жаңалықтар

АЛҒАШҚЫ ТУР АЯҚТАЛДЫ

bairakkz

ҰЛТЫН СҮЙГЕН ҰЛ

bairakkz

Ұлытау облысында 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды

bairakkz