Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ЕЛІМІЗДІҢ НАМЫСЫН КЕНИЯЛЫҚ ЖЕҢІЛ АТЛЕТТЕР ҚОРҒАЙДЫ

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Кения елінің бес адамына «спорттық азаматтық» рәсімдеу шарасын бастап кетті.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, төрт спортшы — Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрак Коэч және олардың бапкері Кеннет Кепиего Ротич 2018 жылы желтоқсанда Қазақстан азаматтығын алды. 2019 жылдан бастап атлеттер Шығыс Қазақстан облысы құрамасының атынан өнер көрсететін болады. «Сонымен қатар, олар «Алтай Атлетикс» клубының мүшелері.

Қазіргі уақытта федерация «спорттық азаматтықты» рәсімдеу шараларын бастап кетті. Оларды Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) өз ережелеріне сай тіркейтін болады. IAAF рейтингіне сәйкес қазіргі уақытта Нора Джеруто 3000 метрге кедергілермен жүгіру бойынша екінші орында тұр, ал Каролин Кипкируи — бес мың метрге жүгіруден сегізінші орында, он шағырымға жүгінруден бірінші орын, үш мың метрге жүгіруден екінші орында. Өз кезегінде Дэйзи Джэпкимэй үш мың метрге жүгіруден оныншы орында», — делінген федерацияның ресми жауабында.

Жеңіл атлетикада соңғы өткен Қазақстан біріншілігінде ШҚО атынан бес кениялық спортшы өнер көрсетті. Еліміздің бас бапкері Григорий Егоров атлеттердің қазақстандық азаматтығын алғанын растады. Алайда мән-жайымен бөлісуден бас тартты. Айта кетейік, Ротич «Алтай Атлетикс» клубында бапкер-менеджер қызметін атқарады

Вести. кз сайтынан

ӨЗ ҚАЗАҒЫҢ БЕРМЕСЕ АЛЫП БӘЙГІ,

СПОРТЫМЫЗ ҚАЛАЙША ҚАРЫШТАЙДЫ?

БІРЕУДІҢ ЖЕҢІП АЛҒАН ЖҮЛДЕСІМЕН,

ҚОРЖЫНЫМЫЗ ЕШҚАШАН ТОЛЫСПАЙДЫ.

Сәйкес жаңалықтар

«АУЫР АТЛЕТИКА»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ АЛТЫНМЕН АПТАЛДЫ

bairakkz

#САЙЛАУ2023

bairakkz

БАЛЫҚШЫЛАР ОТБАСЫ ДАУЫС БЕРДІ.

bairakkz

Пікір жазу