Париждегі Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында спорт және туризм Министрі Ермек Маржықпаев пен Ұлттық Олимпиада Комитетінің басшысы Геннадий Головкин Олимпиадалық ауылға барып, спортшылармен кездесті, деп жазады Olympic.kz.
Ермек Маржықпаев пен Геннадий Головкин Қазақстан атлеттерінің олимпиадалық ауылдағы жағдайымен танысты.
Сондай-ақ, олимпиадалық ауылда спортшылармен кездесті.
Спорт министрі мен ҰОК басшысы спортшыларға сәттілік тілеп, алдағы Олимпиадада табысты өнер көрсетуге тілектестік білдірді.
Айта кетейік, біздің спортшылар қатысатын алғашқы бәсекелер бүгін басталды. 25 шілдеде садақ атушылар іріктеуден өтуде.
Париж Олимпиадасына спорттың 25 түрінен 80 қазақстандық спортшы жолдама алды. Ойынның ашылу салтанаты 26 шілдеде өтеді.