Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Qarmet-тен жанармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы «Qarmet» АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды,.

Polisia.kz мәліметінше, топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырған. Жәбірленуші тарап олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілгенін айтады.

Бұдан басқа, «Qarmet» АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сәйкес жаңалықтар

Қазалы ауданында заңсыз актив есебінен салынған жаңа су жүйесі пайдалануға берілді

bairakkz

Атырауда көпқабатты үйден 45 адам құтқарылды

bairakkz

Абай облысында 64 ауылға су басу қаупі бар

bairakkz