Танымал әнші, хитмен Қайрат Нұртас Шымкенттегі концертінде эмоциясын жасыра алмады, деп хабарлайды bairak.kz.
Өнер иесі гастрольдік сапар аясында оңтүстік шаһарға ат басын бұрып, тыңдармандарына жаңа әнін ұсынды.
“Жаңа жасқа толуына орай, жаңа әні ұнап жатыр ма?! “Сүйгенді сен де сүй” деп аталады. Алла қаласа, сұранысқа ие қалаларда KN-ның жеке ән кештері өтеді”, – деп жазды әншінің продюсері.
Алайда Шымкенттегі концертінде жаңа әнін орындау барысында Қайрат Нұртас көзіне жас алып, толқып қалды.
Желі қолданушылары бұл жағдайды әншінің жеке өмірімен байланыстырып, түрлі пікірлер қалдырды.
“Жұлдызды сахнаға шығарып, еркіндік беріп еді”, “Өзі қыздарға көп барып кетті”, “Ешбір әйел опасыздықты кешірмейді”, “Әйел адамға сахна керек емес”, “Жақсы еркектен әйел кетпейді”, “Жұлдыз бақты көтере алмады”, “Қайрат, жас қызға үйленіп ал”, “Әні жүрекке жетті, керемет орындады”, – деп жазды көпшілік.
Фото: видеодан кадр