Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлемЖаңалықтар

Колумбияда су тасқыны салдарынан төтенше жағдай жарияланды

Колумбия президенті Густаво Петро қатты жаңбырдан туындаған су тасқыны салдарынан елде төтенше жағдай режимін жариялады.

«Президент Густаво Петро қатты жаңбырдан туындаған климаттық төтенше жағдайға байланысты ел бойынша апат режимін жариялады», — деді әкімшілік Х әлеуметтік желісінде.

Елдегі жаңбырлы маусым желтоқсан айының соңына дейін жалғасады деп күтіліп отыр.

Су тасқынының салдарымен күресу ел астанасы Богота мен Гуахира және Чоко департаментіне бағытталады.

El tiempo газетінің хабарлауынша, Колумбиядағы су тасқынынан 46 мыңнан астам отбасы зардап шеккен. Кейбір аудандарда жаңбыр өзендердің арнасынан тасуына әкелді. Әзірге құрбандар туралы ақпарат жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ»: ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СПОРТ ҰЙЫМЫ

bairakkz

Мадина Нұршаева бокстан Азия чемпионы атанды

Ришат

Индонезияда су тасқынынан отызға жуық адам қаза тапты

bairakkz