Индонезияның Солтүстік Суматра провинциясында басталған нөсер жауынның соңы аяқ астынан су тасқыны мен селге ұласты.
Sky News таратқан мәліметке сүйенсек, табиғи апат салдарынан кем дегенде 27 адам қаза тауып, 20-дан астам адам жарақат алған.
Синоптиктер төтенше ауа райы жыл соңына дейін жалғасады деп болжап отыр.
Билік хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстарын жалғастыруда.
Нөсер жаңбыр сондай-ақ Медан провинциясының әкімшілік орталығында су тасқынына ұласып, елдегі сайлау процесінің тежелуіне әкелді.
Индонезия метеорологиялық агенттігі 2024 жылдың соңына қарай экстремалды ауа райы болатынын ескерткен. Себебі Ла-Нинья құбылысы тропикалық архипелагтағы жауын-шашын көлемін ұлғайтады.
Елде 17 мыңнан астам арал бар. Ал таулы аудандарда миллиондаған адам тұрады. Үнемі маусымдық жауын қазаннан наурыз айына дейін жалғасып, су тасқыны мен селді тудырады.