Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ГІР ТАСЫН 10 МИНУТТА 107 РЕТ КӨТЕРДІ

Жуырда Латвия Республикасының Даугавпилс қаласында гір спортынан Әлем чемпионаты өтті. 31 елден 700 спортшы қатысқан байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған жерлесіміз Жұмахан Күзбаев жеңіспен оралды.

Жер шарының ең мықты гір көтерушілері жиналған Латвиядағы әлемдік чемпионатта 60-64 жас аралығында өнер көрсеткен Жұмахан ағамыз бойында рух пен намыстың қызуы бар екенін білектің күшімен дәлелдеді. Әсіресе, гірді сілке көтеруден әлемдегі ең мықты спортшы тек қазақтар екенін көрсетті. Жеңіспен оралған чемпионды аудандық аудан әкімінің орынбасары Ұлан Досымбеков, аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков, «Нұр Отан» партиясы Көксу аудандық филиалының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов бастаған және спорт мектебінің тарландары қарсы алды.

Жұмахан Күзбаевты жеңісімен алғашқылардың бірі болып арнайы келген Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мәдениет қайраткері Әлімғазы Райымбеков құттықтап, батасын берді. Бұл ел абыройын асқақтатқан спортшымыздың алтыншы жеңісі. 32 келі тартатын гірді 10 минутта 107 рет көтеріп, рекордын жаңартып, Республика атын танытты.

Сәйкес жаңалықтар

«Отау» және «Наурыз» бағдарламаларына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

bairakkz

Түрікменстан президенті Қазақстанға ризашылығын білдірді

bairakkz

Сайлаушылардың құрметіне концерттік бардарлама ұсынылды

bairakkz