Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

Қарағандыда 50 млн теңгенің темекісі тәркіленді

Полицейлер темекі өнімдерін сататын дүкендердің бірінен заңсыз темекі өнімдерін сату фактісін анықтады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 47 мың қорапқа жуық акцизсіз өнім тәркіленді.

Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын көлемі 50 миллион 274 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері аталған өнімдерді сатумен айналысқан екі адамды анықтады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы және осы іске қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Астанада 2018 жылғы Олимпиада ойындарына 100 күн қалуын атап өтті(фото)

Ришат

Үстел теннисінен Кирилл Герасименко Азия құрамасымен жеңіске жетті

bairakkz

Қазақстандық IT-саладағы қызметкерлер саны 2024 жылы 12%-ға өсті

bairakkz