Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы сатылатын болды

Кәрім Мәсімовтің құны 1,8 млрд теңге болатын Астанадағы үйі сатылымға шығарылды, деп хабарлайды Bairak.kz

Электронды сауда алаңы порталында Нұра ауданының, Ерейментау -1 мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үйге аукцион жарияланған. Сауда-саттыққа Қайтарылған активтерді басқару Компаниясы ұсынып отыр.

Порталда көрсетілген ақапаратқа сүйенсек, тұрғын үйдің бастапқы бағасы 1,8 млрд теңге, кепілдік жарнасы  117,9 млн теңге болады. Нысанның жалпы ауданы 2877,7 шаршы метр.  Сауда-саттық 25 ақпанда сағат 10:00-де өтеді деп жоспарлануда.

«Мүліктеріне – Нұр-Сұлтан қаласында екі элиталық пәтер, Алматы қаласында 2 пәтер мен дербес сарай, сондай-ақ Щучье-Бурабай шипажайы аймағы көлінің жағасындағы аумағы 1 га жер теліміне тыйым салынды. Мәсімовтің жақын байланыстарынан 5,1 млн. АҚШ доллары алынып, оған тыйым салынды»,- деп хабарлаған еді ҰҚК.

Сәйкес жаңалықтар

IWF шешімі күшіне енді

Ришат

Спутниктің көмегімен елімізде 4,5 мыңға жуық қоқыс үйіндісі жойылды

bairakkz

88 жасқа толған Нұрғали Нүсіпжанов Еңбек ері атағын ала алмай жүр

bairakkz