Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Ресми: Дастан Сәтпаев мансабын «Челсиде» жалғастырады

"Қайрат" ФК

Алматының «Қайрат» клубы мен Лондонның «Челсиі» 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың трансфері бойынша келісімге келді, деп хабарлайды bairak.kz.

Алматылық клуб мәліметінше, Дастан 2026 жылғы жазда кәмелетке толған соң ағылшын клубына ресми түрде қосылады. Ол уақытқа дейін Сәтпаев «Қайрат» сапында өнер көрсетеді.

Дастан Алматыда дүниеге келген. Сегіз жасында «Қайрат» академиясына түсіп, дайындықтың барлық сатысынан өтті.

Оның жетістіктері:

  • QJ League-те екі маусымда 28 матчта 26 гол, 10 нәтижелі пас
  • QJ League 2024 жылғы маусымның ең құнды ойыншысы
  • Бірінші лигада 5 матч ойнап, жеңіс голын соққан
  • УЕФА Жасөспірімдер лигасында 4 матчта 1 гол, 1 нәтижелі пас

2024 жылғы мамырда 15 жасында Сатпаев негізгі командада дебют жасап, «Қайрат» тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Сәйкес жаңалықтар

Биология, информатика, ағылшын, қазақ тілі мұғалімдері әлсіз – министр

bairakkz

Жан Кособуцкий кәсіпқой рингте алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Ришат

Головкин Коттоға қарсылас атануы мүмкін

Ришат