Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Кәсіпкер балуан Азамат Дәулетбековке темір тұлпар мінгізді

Белгілі кәсіпкер еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрама командасының үздігі, биылғы Азия чемпионы Азамат Дәулетбековке көлік сыйлады, деп хабарлайды bairak.kz.

Бұл туралы Азамат Дәулетбеков Sport+ арнасына берген сұхбатында айтты.

Бұған дейін өз көлігім болмаған, бұл бірінші көлігім. «Асылтас» қоғамдық қорының, TAS Group компаниялар тобының басшысы Дулат Тастекей ағамыз үлкен сый жасады. Өте қуаныштымыз. Спортшыларға ғана емес, өте көп адамға көмек көрсетіп жатыр. Үлкен алғысымды білдіремін, — дейді спортшы.

Бұған дейін кәсіпкер еліміздің намысымын қорғайтын спортшыға темір тұлпар мінгізген болатын.

Азамат Дәулетбек бауырымыз тамыз айында Париж олимпиадасында қазақтың намысын қорғайды. Лицензия бар, қалтада, — дейді Дулат Тастекеев.

Сәйкес жаңалықтар

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тағы 65 пәтер берілді

bairakkz

Қазақстандағы кейбір жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдау тәртібі өзгереді

bairakkz

“Жетісу“ футбол клубының директоры сотталды

bairakkz