Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Азаматтарымыз әлемнің қай қиырында жүрсе де, оларға өз мемлекеті қамқор

Фото: iStockphoto

Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыстағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматтарын елге қайтару үшін жедел шаралар қабылданғанын мәлімдеді.

Азаматтарымыз әлемнің қай қиырында жүрсе де, оларға өз мемлекеті – Қазақстан Республикасы қамқор болып, көмек қолын созуға дайын екенін біледі. Бұған жақында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ортасында қалған туристеріміз, қажылық сапарға аттанған отандастарымыз, кәсіпкерлеріміз көз жеткізді. Жағдай шын мәнінде күрделі еді. Шиеленіс басталған сәтте өңір елдері басшыларына осынау қиын-қыстау кезде шынайы қолдауымды білдіріп, хат жолдадым. Сондай-ақ отандастарымызды жедел эвакуациялау тапсырылды. Ел аумағындағы тіршілікті қамтамасыз ету нысандары мен маңызды инфрақұрылымдарды қорғау, Қарулы күштер мен құқық қорғау ведомстволарында жауынгерлік кезекшілік ұйымдастыру жөнінде міндет жүктедім, — деді президент.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанынан арнайы штаб құрылып, оның құрамына түрлі ведомстволардың өкілдері кірді. Эвакуация жұмысына әуе тасымалдаушы және туристік компаниялар, сондай-ақ ерікті демеушілер де тартылды. Штаб тәулік бойы жұмыс істеп, азаматтарды қауіпсіз жолдармен аймақтан шығаруға күш салды.

Президенттің сөзінше, қақтығыс кезінде тараптар әскери және азаматтық нысандарға, соның ішінде әуежайларға баллистикалық зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданған. Соның салдарынан көптеген елдердің әуе кеңістігі жабылып, кей жағдайда қазақстандықтарды үшінші елдердің аумағы арқылы эвакуациялауға тура келген.

Мәселен, Иран аумағында қалған азаматтар Әзербайжан, Армения және Түрікменстан шекаралары арқылы шығарылған. Елшіліктер тұрақты байланыс орнатып, қажетті көмек көрсеткен.

Осы жұмыстардың нәтижесінде 9 мыңға жуық қазақстандық қақтығыс аймағынан аман-есен елге оралды. Президенттің айтуынша, эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

МАЛЬМЕДАН ҚОЛА МЕДАЛЬ

bairakkz

Биылғы Ұлттық құрылтай отырысы 20 қаңтарда өтеді

bairakkz

«АСТАНА » ЧЕМПИОН!

bairakkz