Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

ҚАТАРЫНАН ЕКІ ІРІ ЖЕҢІЛІС

 Таяғын ұстап хоккейге,

Қазақтың ұлы беттей ме?

Коньки асынған қарагөз

         Бұзса ғой деймін шеп кейде!

               Бұл Канадада шайбалы хоккейден жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы арманымыз.  Ұлттық құрамамыз үшін байрақты бәсеке өте сәтсіз басталды. Алғашқы кездесуде Финляндия құрамасына 5:0, екінші ойында АҚШ құрамасына 8:2 есебімен ойсырай ұтылды. Қос кездесуде де қарсыластар бір қақпаға ғана ойнады. Жастарымызда жүйелі шабуыл жоқ, енді бір түйткіл әлсіз қорғаныс. Алғашқы ойында тіпті бірде-бір гол сала алмадық, екінші бәсекеде екі соққымыз торда тулады. Бірақ жеңістің жалына жармаса алмадық. Валерий Орехов, Давыд Макуцкий, Артур Гатиятов, Самат Данияр,  Максим Мусоров бастаған жігіттер барын салғанымен шама жетпеді.

 Ұлттық құрамамыз келесі ойынын 31 желтоқсан күні Словакияға қарсы өткізеді.

ФОТО : Интернет

 

 

Сәйкес жаңалықтар

«ҚПЛ»: БІРІНШІ ЛИГАДА 15 КОМАНДА ОЙНАЙДЫ

bairakkz

ҚАРҒА АДЫМ ЖЕРДЕ БАҚЫТЫМ

bairakkz

«ПСЖ» МЕН «РОМА» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

bairakkz

Пікір жазу