Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева желіде 2025 жылдың алғашқы жазбасын жариялап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі оқырмандарымен сырласып, осы жылдан не күту керек екенін айтты, деп жазады bairak.kz.
Айгүл Иманбаева аталмыш жазбасын Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Актриса осы жыл несімен ерекше болатынын айтып, оқырмандарына неден қателеспеу керектігін түсіндірді.
«Көзді ашып-жұмғанша жаңа жылдың алғашқы айының ортасы болып қалыпты. Қалай тез. Осы 2025 жыл тіпті тез өтеді дейді.Әр адам өзінің жан дүниесіне көп үңіледі. Өзін іздейді, руханиятқа келеді дейді. Шынымен материяда өмір сүргенімізбен, оның уақытша екенін жанымыз білсе керек. Сол үшін адамның жаны руханиятқа ұмтылады. Бірақ меніңше барлық салада адамға мықты ұстаздар (наставник) керек. Бастысы осы жерде қателеспеу керек сияқты», — деп жазды өнер иесі.
Фото: Instagram/aigul_imanbayeva