Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстанда интернет-алаяқтық 25%-ға артты – Бас прокурор Асылов

Фото: pixabay.com

Қазақстанда интернет-алаяқтықтың саны күрт өсіп, биылғы алғашқы алты айда 25%-ға артқан. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов депутаттардың сауалына берген ресми жауабында айтты, деп хабарлайды bairak.kz.

Жалпы жағдай қандай?

Берік Асыловтың мәліметінше, алаяқтықтың жалпы саны 0,7%-ға төмендеген — 22 812-ден 22 644-ке дейін қысқарған. Алайда интернет арқылы жасалатын алаяқтық түрлері, керісінше, 9 936-дан 12 390 жағдайға дейін артып отыр.

«Бұл өсім құқықбұзушылықтарды нақты саралау мен статистикамен жасалатын манипуляциялардың алдын алу бағытындағы бақылаудың күшеюіне байланысты», – деді Бас прокурор.

Киберқылмысқа қарсы қандай шаралар қабылдануда?

  • 30-дан астам киберқылмыстық топ анықталды;

  • 93 дроппер (қылмыскерлердің атынан әрекет ететін адамдар) қылмыстық жауапкершілікке тартылды;

  • 100-ден астам азаматтың өз еркінсіз несиелер рәсімдегені анықталып, олар жәбірленушілер тізімінен шығарылды;

  • «Антифрод-орталық» арқылы 23 мың алаяқтық әрекет тоқтатылып, 1,8 миллиард теңгеден астам қаражат бұғатталды;

  • 697 дропперден 1 миллиард теңгеден астам қаржы жәбірленушілерге қайтарылды;

  • 2 716 жәбірленушіге берілген 3,3 миллиард теңгенің несиесін орындау тоқтатылды.

Алдын алу шаралары

Интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін өңірлік прокуратуралар уәкілетті органдармен бірлесіп келесі ақпараттық және алдын алу науқандарын жүргізіп жатыр:

  • «Тоқта – алаяқ»

  • «Кибертрон»

  • «Интернет-алаяқтықтың алдын алу»

  • «Кибер-қалқан. Алаяқтықпен күрес»

  • «Кибер-волонтер»

  • «IT TERGEU»

  • «Абайлаңыз: алаяқ!»

Бұл шаралар халықтың киберқауіпсіздікке қатысты хабардарлығын арттыруға және алдын алуға бағытталған.

Сәйкес жаңалықтар

«Отставкаға кеткенімен, саяси сыпайылықты сақтай бермейтін». Тоқаев Назарбаев туралы айтты

bairakkz

Азиада ойындарындағы қазақ күресінің салтанаты

Ришат

«Димаш — әнші, ал Қайрат сияқтылар — орындаушы»: Бибігүл Төлегенова

bairakkz