Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Әлеумет

Қазақстандық студенттер Гонконгта өткен кәсіпкерлік лагеріне қатысты

AUA-HKUST Overseas Study Program – Азия елдері университтері альянсы мүшелеріне арналған бағдарлама. Ол Tsinghua University, National University of Singapore және Nazarbayev University сияқты мықты оқу орындарының студенттерін Гонконгтағы кәсіпкерлік экожүйесімен таныстырады. Аталған лагерьге Қазақстаннан NU-дың төрт студенті шақырту алды.

Гонконг ғылым және технология университетінің Clear Water Bay кампусында өткен лагерь кезінде қазақстандық студенттер бизнестегі мықты сарапшылардан білім алып, инновациялар мен технологиялар саласындағы соңғы жетістіктермен танысып қайтты. Тәжірибелік блок бойынша қатысушылар команда болып бірігіп, инновациялық жоба ойластырып, бір апталық бағдарлама соңында оны ұсынуға мүмкіндік алды.

“Ең маңыздысы – соңғы күн болды, сол күні әр команда өзінің инновациялық жобасын ұсынды. Біздің команда 3-орын алғанын мақтанышпен айтамын. Осы бағдарламаның арқасында көп дос тауып, өзім қалаған салада білімімді шыңдап, тәжірибе жинап қайттым. Жалпы бұл таптырмас мүмкіндік болғанын сеніммен айта аламын. Аталған бардарлама білім берумен қоса, менің кәсіпкерлікпен айналысамын деген арманымды мақсатқа айналдырды деуге болады”, — дейді NU Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің студенті Ділнәз Файзуллаева.

Сонымен қатар бағдарлама аясында студенттер ESG (қоршаған орта, әлеуметтік және корпоративтік) мәселелері, тиімді шешімге келу, бизнес-модель жасау, команда болып жұмыс істеу сияқты дағдыларды үйреніп, электр және электрондық құрал-жабдықтарды қайта өңдеумен айналысатын WEEEPARK кәсіпорны мен Гонконг ғылым паркіне барды.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда 6 мыңнан астам отбасы бала тәрбиесіне салғырт қарайды

bairakkz

«Шаңырақ» ҚБ басшысы 1,2 миллиард теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды

bairakkz

97 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқып шықты

bairakkz