Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық жас ауыр атлеттер Азияның үздігі атанды

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қатар елінің астанасы Дохада өткен жарыста отандастарымыз жоғары нәтижеге қол жеткізді, — деп хабарлайды msports.kz сайты.

Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы командалық есепте бірінші орын алды. Ұлдар мен қыздар арасындағы жүлделерді қоса алғанда отандастарымыз 12 алтын, 9 күміс, 12 қола медаль еншіледі. Жалпы саны 33 жүлдеге ие болды.

Үздік үштікке Қазақстаннан кейін Өзбекстан мен Вьетнам елінің спортшылары орналасты.

Айта кетейік, бұған дейін Денис Полубяринов пен Алексей Чуркинніңалтын алғаны жайлы жазған едік.

Фото: ҚР ауыр атлетика федерациясы

Сәйкес жаңалықтар

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

bairakkz

Мүфтият ауызашардағы ысырапшылыққа қатысты мәлімдеме жасады

bairakkz

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы Минскіде екі алтын медаль жеңіп алды

bairakkz