Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық жас ауыр атлеттер Азияның үздігі атанды

Ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қатар елінің астанасы Дохада өткен жарыста отандастарымыз жоғары нәтижеге қол жеткізді, — деп хабарлайды msports.kz сайты.

Қазақстан құрамасы өз тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы командалық есепте бірінші орын алды. Ұлдар мен қыздар арасындағы жүлделерді қоса алғанда отандастарымыз 12 алтын, 9 күміс, 12 қола медаль еншіледі. Жалпы саны 33 жүлдеге ие болды.

Үздік үштікке Қазақстаннан кейін Өзбекстан мен Вьетнам елінің спортшылары орналасты.

Айта кетейік, бұған дейін Денис Полубяринов пен Алексей Чуркинніңалтын алғаны жайлы жазған едік.

Фото: ҚР ауыр атлетика федерациясы

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанда Қытай көліктеріне байланысты тексеріс күшейтілді

bairakkz

Қазақстанда полиция қызметтің күшейтілген нұсқасына ауысты

bairakkz

«Оларды адамша жерлегім келеді»: БАӘ-де көз жұмған әпкелі-сіңлілердің әкесі көмек сұрады

bairakkz