Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметЖаңалықтар

Қазақстандықтардың көбі қанша жалақы алады? Нақты сома белгілі болды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды

Қазақстанда 2025 жылы жұмысшылар арасында ең жиі кездесетін жалақы мөлшері 116,1 мың теңге болды. 2024 жылы бұл көрсеткіш 97,6 мың теңгені құраған. Осылайша, бір жыл ішінде модальды жалақы шамамен 19%-ға өсті.

Модальды жалақы – елдегі барлық қызметкердің орташа айлығы емес, жұмысшылар арасында ең жиі кездесетін жалақы мөлшері. 2025 жылы орташа атаулы жалақы модальды көрсеткіштен 3,8 есе жоғары болған.

Өңірлер арасында ең жоғары модальды жалақы Шығыс Қазақстан облысында – 256,9 мың теңге. Одан кейін Астана – 252,7 мың теңге және Алматы – 247,4 мың теңге. Қазақстанның 20 өңірінің тек алтауында бұл көрсеткіш 200 мың теңгеден асқан, ал 11 өңірде 120 мың теңгеге де жетпеген.

Ең төмен көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында тіркелді. Бұл өңірлерде ең жиі кездесетін жалақы 112-113 мың теңге шамасында.

Салалар бойынша ең жоғары модальды жалақы тау-кен өндірісінде – 418,3 мың теңге. Көлік және қойма саласында – 396,9 мың, коммуналдық қызметтер секторында – 377,2 мың, құрылыста – 347,7 мың, ал қаржы саласында 340,1 мың теңге болды.

Ал ең төмен көрсеткіш білім беру саласында – 114,6 мың теңге. Бұл тау-кен өндірісіндегі деңгейден 3,5 еседен астам төмен.

Сәйкес жаңалықтар

ШЕТЕЛДЕН КЕЛГЕН БАҚЫЛАУШЫЛАР ШАЛҒАЙ АУЫЛҒА БАРДЫ

bairakkz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға барды

bairakkz

Мұстафа Өзтүріктің қызы жаңа құпиясымен бөлісті

bairakkz