Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақӘлеуметБасты ақпарат

Қазалы ауданында заңсыз актив есебінен салынған жаңа су жүйесі пайдалануға берілді

Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Шәкен ауылында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге арналған жаңа су желісі ресми түрде іске қосылды.

Жобаның құрылысын мемлекетке қайтарылған қаражат есебінен жүргізгені хабарланды.

Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы М. Тлеумбетов, облыс әкімінің орынбасары Қ. Нұртай, аудан әкімі А. Есмаханов, аудан прокуроры Д. Әбіш және қоғам өкілдері қатысты.

Прокуратураның мәліметі бойынша, жаңа су жүйесі арқылы Шәкен ауылындағы 76 үйдің тұрғындары орталықтандырылған ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.

Бұл нысан тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, тасымалданатын суға деген қажеттілікті жояды. Сонымен қатар, Шәкендегі су жүйесінің ашылуы мемлекетке қайтарылған активтердің өмірлік маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін тиімді пайдаланылып жатқанын көрсетеді. Қазіргі таңда Қызылорда облысында 29 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда, — делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы облысында колония бастығының орынбасары ұсталды

bairakkz

Мені інімнің жанына жерлеңдер – Шерзат Болаттың ағасының хаты жарияланды

bairakkz

Астанада күзгі шақырылымның алғашқы легін әскерге шығарып салу рәсімі өтті

bairakkz