Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСпорт

Кентауда заманауи жаттығу залы ашылды

Кентау қаласында салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын, заманауи «FitnessBlitz» жаттығу залы іске қосылды.

Залда бір мезетте жүз адамға дейін денсаулығын жақсартуға, шынығуға мүмкіндік жасалған. Одан бөлек, жаттығудан соң арнайы жуынатын бөлмелер, гигиеналық заттармен, қажетті құралдармен қамтылған. Ал жаттығу залында әр адамға қажетті заманауи құрылғылар орналастырылған. Сондай-ақ ең алдымен денені қыздырып алуға арналған бөлек бөлмесіде бар. Әр адаммен білікті де, тәжірибелі жаттықтырушылар жұмыс істейді. Тіпті, оқу оқитын кез-келген жастарға жеңілдіктер қарастырған.

Мұнда біз адамдардың дене бітіміне рухты және интеллектті физикалық түрлендіруге, дамыту арқылы мүмкіндігінше көп адамдардың санасын көтеріп, сапалы бақытқа жету жолына дағдыландыру, денсаулықтың нығаюына септігін тигізуге жұмыс істейміз,- дейді жаттығу залының директоры Ренат Ким.

Сондай-ақ залға жаттығуға келген тұрғындардың денсаулығына байланысты тапсырмалар беріледі. Себебі, кез-келген тұрғын өз денсаулығына қарамастан артық күш салатын жаттығулармен айналысса, керсінше кері әсер етуі мүмкін дейді мамандар. Қаланың кез-келген тұрғынына жаттықтырушы болуға тәжірибелі бапкерлер сабақ өтеді. Тіпті, осындай залдарда жұмыс істеуге мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, жақында дәл осындай жаттығу залы Шымкент қаласында ашылған болатын. Белгілі кәсіпкер Данияр Молдахмет ашқан «FitnessBlitz» орталықтары Қазақстан нарығында 15 жылдан астам уақыт бойы қызмет атқарып келеді.

Сәйкес жаңалықтар

Кәрім Мәсімовтің Астанадағы зәулім сарайы сатылатын болды

bairakkz

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау ел тарихындағы елеулі күн.

bairakkz

Бейбіт Әлібеков бастаған салық төлемей жүрген блогерлердің тізімі шықты

bairakkz