Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Талғар ауданының прокуроры лауазымынан босатылды

Алматы облысы прокурорының орынбасары Саян Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Ескендір Бекманов қызметтерінен айырылды, деп хабарлайды
Бұл шұғыл ақпаратты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 18 қазандағы бұйрығымен Алматы облысы прокурорының орынбасары С. С. Бакиров пен Талғар ауданының прокуроры Е. К. Бекманов атқаратын лауазымдарынан босады, — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Дереккөзге сүйенсек, олардың жұмыстан шығуына қылмыстық процесте заңдылықты қадағалау кезіндегі елеулі кемшіліктері негіз болған.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кісі қолынан қаза тапқан Шерзат атты 16 жастағы баланың әкесі іс бойынша Талғар ауданының прокуроры жұмысынан кетсін деген талап қойған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Болашағымыз айқын

bairakkz

Астанадағы LRT станцияларының негізгі құрылысы аяқталды

bairakkz

Зеленский Украинаның болашағы Трампқа байланысты екенін айтты

bairakkz