Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарОқиғалар

Таяу Шығыстан 8,6 мыңға жуық қазақстандық елге оралды

Көлік министрлігі

ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығыс аймағынан азаматтарды эвакуациялау жұмыстарының аралық қорытындысын жариялады. Ресми мәліметке сәйкес, эвакуация басталғаннан бері 8 585 қазақстандық аман-есен елге қайтқан.

Қазіргі уақытта министрлік құзырлы органдармен бірлесіп, қауіпті аймақта қалған отандастарды елге қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Дипломаттар жергілікті жердегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше:

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі құзыретті органдармен бірлесіп, Таяу Шығыс қақтығысы аймағынан азаматтарымызды қайтару бойынша жұмысты жалғастыруда».

Сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктері оқиға орнындағы іс-қимылдарды үйлестіріп, аймақта жүрген қазақстандықтармен тұрақты байланыс орнатқан. Мемлекет азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Франция АҚШ-тан Бостандық мүсінін қайтаруды талап етті

bairakkz

«ҚАҢТАР»: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТ ЖЕТІСТІКТЕРІ

bairakkz

Бас прокуратура Нығматулинге қатысты қылмыстың істің мән-жайын айтты

bairakkz