Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Көкшетауда 22 жастағы жігіт некесін қиған күні өлі табылды

Көкшетауда өткен түні көңіл көтеру орындарының бірінде 22 жастағы жігіт өлі табылды. Қайғылы оқиға туралы sinegor.kz басылымына марқұм жігіттің туыстары айтып берген.

Туыстарының сөзінше, қайғылы оқиға 22 жастағы жігіттің неке қию рәсімі өткен күні болған. Бұл жайтқа қатысты Ақмола облысының полиция департаменті пікір білдірді.

«12 қарашада Көкшетаудағы көңіл көтеру орындарының бірінде Красный Яр ауылының 22 жастағы тұрғынын өлтіріп кеткен. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сонымен қатар бұл оқиғаға қатысы бар барлық адам ұсталды. Алты адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», — дейді полиция департаментінің өкілдері.

Ведомство бұл дерек ПД басшысының тікелей бақылауында екенін атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Риддерде 28 миллиард теңгеге аурухана салынады

bairakkz

«Таза Қазақстан» акциясына 220 мыңнан астам жетісулық қатысты

bairakkz

Атырауда көпқабатты үйден 45 адам құтқарылды

bairakkz