Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарОқиғалар

Құлсарыда балтамен шабуыл жасаған оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен кетті

Видеодан скрин

Атырау облысы Құлсары қаласында мектеп оқушысының балтамен қатарластарына шабуыл жасауына байланысты №6 мектептің директоры қызметінен босатылды.

Атырау облысы білім басқармасының мәліметінше, Құлсары қаласындағы А.С. Пушкин атындағы №6 орта мектептің директоры өз еркімен қызметінен кеткен. 5 ақпанда оған қатаң сөгіс жарияланып, 6 ақпанда жұмыстан босату туралы өтініші қанағаттандырылған.

Айта кетейік, тексеріске мектеп ғимаратында болған төтенше жағдай себеп болған. 15 жастағы оқушы оқу орнының ішінде өз қатарластарына шабуыл жасап, салдарынан екі жасөспірім жеңіл дене жарақатын алған. Бұл деректі Атырау облысы полиция департаменті растады.

Оқиға туралы хабар 5 ақпанда «102» арнасына түскен. Полиция мәліметінше, 10-сынып оқушысы қатарластарымен болған жанжалдан кейін шабуыл жасап, мектеп аумағынан кетіп қалған.

Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар ол ішкі істер органдарының есебіне алынды.

Аталған жағдай бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалып, материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданды.

Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сәйкес жаңалықтар

Қарағандыда оқушылар қыздың намысы үшін төбелесіп қалған

bairakkz

Қазақстанда аутизмді ерте анықтау жүйесі күшейтіліп жатыр

bairakkz

Коронавирус Қытайдағы зертханада жасалған — америкалық ғалымдар

bairakkz