Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ӘлеуметБасты ақпаратЖаңалықтар

Қырғызстанда экс-ҰҚМК басшысына қатысты іс жабық режимде қаралады

АКИpress

Қамшыбек Ташиев қатысты қылмыстық іс құпияланып, сотқа жолданды. Бұл туралы Қырғызстанның Бас прокуратурасы айыптау актісін бекіткеннен кейін белгілі болды.

Адвокат Икрамидин Айткуловтың айтуынша, бұрынғы шенеунікке билікті күшпен басып алуға дайындалу және қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылған.

Іс Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұрынғы басшысына қатысты болғандықтан, материалдар толық құпияланған. Осыған байланысты Бішкек қаласының Бірінші май аудандық сотында өтетін барлық отырыс жабық режимде ұйымдастырылады. Сондай-ақ тергеу деректерін жариялауға тыйым салынған.

Ташиевтен бөлек, бұл іс бойынша тағы жеті адам айыпталып отыр.

Бұған дейін жергілікті БАҚ тергеудің «75-тің хаты» аталған оқиғамен байланысты болуы мүмкін екенін жазған еді. Биыл 9 ақпанда 75 адам президент Садыр Жапаровке мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы ашық үндеу жолдаған.

Келесі күні, 10 ақпанда Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары және ҰҚМК төрағасы қызметтерінен босатқан болатын.

2020 жылдан бері аталған қызметтерді атқарған Ташиев бұл шешімнің күтпеген жағдай болғанын айтқан. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайтынын және кінәсіздігін заң аясында дәлелдеуге ниетті екенін мәлімдеді.

Сәйкес жаңалықтар

Балаларға аяғын уқалатқан имамға ескерту жасалды

bairakkz

Сегодня в избирательном участке отдал свой голос молодой учёный и преподаватель города Талдыкорган — Тойгулов Таир Талгатович.

bairakkz

Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау аясында 135 шақырымдық аламан бәйге ұйымдастырылды

bairakkz