Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Аймақ

Қыз зорлаған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы шағым білдірді

Талдықорғанда 27 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінген полиция басқармасының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев сот үкіміне шағым білдірді.

Жетісу облыстық сотының хабарлауынша, сотталған азаматтың арызы 17 шілдеде келіп түскен. Істің апелляциялық сотта қашан қаралатыны айтылмады.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы қарашада Талдықорған полиция басшысына 27 жастағы әйелді зорлады деген айып тағылды. Сот оны 10 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза кескені белгілі.

Сәйкес жаңалықтар

Допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлының кәсіпқой бокстағы болашағы қалай өрбиді

bairakkz

Шымкентте жұмысшы мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетілді

bairakkz

Президент ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағановты қабылдады

bairakkz