Ресей президенті Владимир Путин «Казахстанская правда» газетінде жарияланған мақаласында Қазақстанда жаңа орыс мектептерін салуға қолдау білдіретінін айтты.
Ресей Қазақстанда жаңа орыс мектептерін ашуды, орыс тіліндегі мектеп білімінің сапасын арттыруды қолдайды. Тағы 3 мектеп жақында Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында ашылады деп отырмыз. Біз Қазақстан басшылығына, Қасым-Жомарт Кемелұлының жеке өзіне орыс тілін қорғап, орыс тілі жөнінде халықаралық ұйым құрғанына алғыс айтамыз, — дейді Владимир Путин.
Осылайша, ол «Казправдаға» мақала жариялаған күні Ресейдің «Известия» газетінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың да екі елдің ынтымақтастығына қатысты көлемді мақаласы жарық көрді.
Еске сала кетсек, Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға бүгінгі мемлекеттік сапары екі күнге созылады.