Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Саясат

Жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша 100 маман оқытылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жастар» ғылыми орталығымен бірлесіп, Мемлекеттік жастар саясаты мектебі аясында бірқатар семинар-тренингтер өткізді.

Астана, Тараз, Ақтөбе және Қарағанды қалаларындағы жастар ресурстық орталықтарының 100 маманы жаңа білім алды. Тренинг тақырыптары арасында ойынға тәуелділік пен репродуктивті денсаулық мәселелері, БАҚ-пен жұмыс істеу ерекшеліктері, ақпараттық технологиялар болды.

Қатысушылар сонымен қатар Қазақстан жастарының жалпы санының 7%-ын құрайтын NEET санатындағы жастармен қарым-қатынас пен кеңес берудің жаңа тәжірибелерін меңгерді.

Тақырыптар ЖРО мамандарының өздері арасында жүргізілген сауалнама негізінде және өткен жылдар тәжірибесін ескере отырып анықталды. Тренингтің өзектілігі 2023 жылдың наурыз айында күшіне енген жастар саясаты саласындағы заңнамалық өзгерістерге де байланысты болды.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Азия даму банкінің президентін қабылдады

bairakkz

Елисей сарайының бағында Тоқаев пен Макрон бейресми әңгіме өрбітті

bairakkz

Тоқаев Euronews директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

bairakkz