Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Саясат

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 млрд теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.

Алматы қалалық прокуратурасының мәліметінше, 17 шілде күні Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша Республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді.

Cотта нысанның нарықтық құнын 551 млн теңгеге төмендету көрініс тапқан заң бұзушылықтар расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың м2, сондай-ақ 4,9 га жерді құрайтын мектептің мүлкіне, А. Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі «Nomad’s Land» ЖШС иелік еткен, — делінген мәліметте.

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев Моңғолиядағы Шыңғыс ханның музейіне барды

bairakkz

Бектенов министрлер мен әкімдерге бірқатар тапсырма жүктеді

bairakkz

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Астанаға келді

bairakkz