Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарСаясат

Президент Тоқаев Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл тапсырма берді

Ресей президенті Владимир Путин 19 мен 21 қарашада Курск пен Брянск облыстарындағы нысандарға соққы жасалғанын мәлімдеме жасаған еді. Осыдан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басшыларға тиісті тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аремьер-синистрге, президент әкімшілігінің басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау. Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын, — деп жазды президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Бұған дейін РФ преизденті Владимир Путин Украинадағы қақтығыстың жаһандық деңгейге өткенін мәлімдеген.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлттық университет – Ұлы даланың білім шаңырағы

bairakkz

«АСТАНА » ЧЕМПИОН!

bairakkz

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

bairakkz