Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
АймақЖаңалықтар

ҰҚК Павлодарда кезекті есірткі зертханасының жолын кесті

Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды bairak.kz.

Биыл 18 қаңтарда ҰҚК Павлодар облысы бойынша департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-нің «Бүркіт» арнайы бөлімшесін қатыстырумен Павлодар қаласында есірткі зертханасын жою бойынша операцияны іске асырды.

Психотроптық заттарды дайындау кезінде Қазақстан азаматын ұстап, соттың санкциясымен қамауға алды. Тінту барысында 20 килограмнан аса «Мефедрон» есірткі заты, сондай-ақ зертханалық жабдықтар мен 1,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — делінген хабарламада.

Фото: ҰҚК

Сәйкес жаңалықтар

Маңғыстауда ауданның бірнеше тұрғыны жаңа үйге қол жеткізгі

bairakkz

Мүфтият ауызашардағы ысырапшылыққа қатысты мәлімдеме жасады

bairakkz

БҮГІН ЕЛ ЕРТЕҢІ ҮШІН МАҢЫЗДЫ КҮН

bairakkz