Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарСпорт

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кетті

ҚФФ

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кетті. Еңбек шарты екі жақтың өзара келісімі бойынша тоқтатылды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды bairak.kz.

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, Норвегия құрамасымен тең ойнап, 1 ұпай жинады.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кетті.

Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламұлы мен оның штабына атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, мансабына табыс тілейді! – делінген мәліметте.

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне үміткерлер тізімі қарастырылып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда жанармай бекетіне 3 млн теңгеге айыппұл салынды

bairakkz

Мемлекет басшысы Бектеновке тапсырма берді

bairakkz

Нұрай Серікбай ісі: күдікті есі дұрыс деп танылды, тергеу аяқталуға жақын

bairakkz