Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Мақпал Жүнісова туған күнін қалай атап өткенін көрсетті

Халық әртісі Мақпал Жүнісова 61 жасқа толды. Өнер иесі туған күнін қалай атап өткенін көрсетті, деп хабарлайды bairak.kz.

Мақпал Жүнісова бұл күнді жақындарының ортасында өткізген. Ол туыстарымен қара шаңырақта бас қосып, олардың ыстық ықыласына бөленді. Эстрада жұлдызы Instagram-дағы парақшасында отбасылық отырыстан бірнеше видео жариялады.

Осымен туған күн аяқталды, қош келдің, 61 жасым! Жақсы тілектеріңізге, көңілдеріңізге үлкен рақмет! деп жазды әнші.

Бейнежазбалардың бірінде Жүнісованың дастархан үстінде анасымен сөйлесіп отырғанын көруге болады. Әншінің анасы оны жаңа жасымен құттақтап, ақ тілегін айтқан.

Мақпал, маңдайымызға біткен бақ, дәулет шығарсың. 5-6 қыздың ішінен сені маған осындай өнерлі етіп берген шығар. Халықта сенікіндей дауыс жоқ. Басқа кісі сенің дауысынды сала алмайды. Анаң болғаннан кейін бе, сенің дауысың маған ерекше. Осы өнеріңмен, дауысыңмен Қазақстанның Халық әртісі атандың. Бүкіл халық сыйлайды. Қазақстан тік тұрады. Апалардың өзі бас иіп тұрады. Құдайдың берген абыройы шығар. Сен болмасаңғһ, Мақпал Жүнісованың анасы деп мені танып, ерекше қарсы алмайтын еді. Менің қызым халықтың қалаулы, сүйіп тыңдайтын әншісі, деді анасы.

Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Сәйкес жаңалықтар

«Асыл домбыра» тележобасының үшінші маусымы өтеді

bairakkz

Қазақстанда туризм саласына салынған инвестиция көлемі 33,6%-ға артты

bairakkz

Бүгін — Бибігүл Төлегенованың туған күні

bairakkz