Bairak.kz ақпараттық-сараптамалық порталы
Жаңалықтар

Маңғыстау облысында мұнайшылар мінген автобус апатқа ұшырады

Lada.kz

Маңғыстау облысында Қаражанбас тас жолының бойында шағын автобус жылқымен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттан бір адам зардап шекті.

Полиция мәліметінше, жәбірленуші ауруханаға жеткізілген.

Автокөлік жүргізушісі адам денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарына немесе өзге де мүлікке зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сараптама тағайындалды. Нәтижелеріне сәйкес оны қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралатын болады, — деді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, жылқының иесі жауапқа тартылады. Оған іздеу жарияланды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте өрттен зардап шеккен тұрғындар жаңа пәтерге қол жеткізді

bairakkz

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

bairakkz

Тоқаев Үкіметке елдегі туристік орындардың жағдайын ретке келтіруді тапсырды

bairakkz